Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Екінші рет "зорландым". Жолсеріктер зорлаған қыз мәлімдеме жасады

Өз жазбасында зардап шеккен қыз қиын-қыстау кезеңде өзіне қолдау білдірген барлық отандастарына ризашылығын білдіріп, тергеу кезінде "екінші рет зорланғандай күйге" түскенін күйзеле отырып жеткізген.

Сурет : Ашық дереккөздерден алынды5 Тамыз 2019, 12:46

Жолсеріктер зорлаған қыз әлеуметтік желідегі "Не молчи" парақшасы арқылы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз жазбасында зардап шеккен қыз қиын-қыстау кезеңде өзіне қолдау білдірген барлық отандастарына ризашылығын білдіріп, тергеу кезінде "екінші рет зорланғандай күйге" түскенін күйзеле отырып жеткізген.

"... Мен көз алдымда дүние төңкеріліп кеткен сол түннен қорқынышты нәрсе өмірімде болмайтын шығар деп ойлағам. Бірақ олай емес екен, өкінішке қарай. Сол қайғылы жайттан соң басыма тағы үлкен сынақ түсті. Сот пен тергеу кезінде көрген қорлығымды бір сөзбен айту мүмкін емес. Мен "екінші рет зорланып жатқан сияқты" күйге түсіп, жаман қорландым. Сөйтсем зорлық көрген адамдардың құқығы біздің елімізде жеткілікті деңгейде қорғалмайды екен. Тергеу кезінде күдіктілердің "қолдау топтары" тарапынан да, сол секілді тергеу мен сот тарапынан да қысымға ұшырадым. Қазір соның бәрі артта қалғанына разымын, әрі менің басымнан өткенді ешкімнің басына бермесін!

Осыған байланысты зорлық көрген әйел заты ретінде Мемлекет басшысына, ҚР Парламенті дәпутаттарына зорлау бойынша тағайындалған жазаны күшейтуді сұраймын. Құқықққорғау органы қызметкерлері үшін бірыңғай алгоритм жасақтауды сұраймын. Зорланған адам тергеушінің не істеу керектігін, әр қадамы қандай болатынын білетіндей етіп.

Маған қолдау білдірген барлық отандастарыма алғыс айтамын, барлықтарыңызға бақ-береке мен бейбіт өмір тілеймін!" делінген өзін Тальго пойызында зорланған қыз ретінде таныстырған адамның жазбасында.

Айта кетсек, бұл оқиға өткен жылы орын алған. Бойжеткен қыз сот пен тергеу болған 11 ай ішінде 22 келіге арықтап кеткен. Сот үкімін де ауруханада есін жиған кезде естіді. Жолсеріктерге сот 2,3 және 2,6 ай бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Көлік прокуратурасы соттың бұл үкімін әлі қарап жатыр.

Оқи отырыңыз: "Үшіншісі зорлап жатты". Қостанайда қыз зорлағандарды ұстаған күзетшінің өзі сотталуда


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер