Қарызға батқан азаматтар мен кедейлер көбейіп барады - Тоқаев

Қарызға батқан адамдар артып барады Сурет: Pixabay
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандықтардың кірістері арасындағы алшақтықты азайтуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Халықтың табысын арттырып, табыс арасындағы алшақтықты азайту керек. Өкінішке орай, соңғы уақытта халықтың табысы экономиканың жақсаруы есебінен емес, әлеуметтік аударымдар есебінен артты. Әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақымен ғана күн көріп отырғандар көп.Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек табысының үлесі 80 пайыздан 67 пайызға дейін төмендеген. Ал әлеуметтік аударымдар 17-ден 29 пайызға дейін өсті. Осы деректерге сүйене отырып, мемлекет басшысы халықтың кірісі алатын жалақыға емес, бюджеттің жұмсалуына байланысты деген қорытындыға келді.

Қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артып келеді. Бүгінде 1 миллионға жуық халықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл соңғы он жылдағы ең нашар көрсеткіш. Осыған қарамастан, үкімет орташа жалақының өсіп жатқанын хабарлайды. Бұл – көзбояушылық. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз