Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестиция жобаларымен танысты

Тоқаев Түркияда, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 12:52 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Түркияда. Президенттің Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобаларымен танысудан басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев Мемлекет басшысына бірлескен жобалар туралы айтты.

Президентке кальций қосылған сода өндіретін Yildirim Group, геологиялық барлау бойынша Eczacıbaşı Holdıng, медициналық және респираторлық бетперделер шығаратын MFA Maske, желатин өндіретін Iskefe Holdıng, агроөнеркәсіп тауарларын өндіруші Tiryaki Holding, құрылыс материалдарын, медициналық жабдықтар мен жиһаз өндіретін YDA Group компанияларының жобасы таныстырылды.

Сонымен қатар Алматы қаласындағы әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысын жүргізіп жатқан TAV Havalimanlari Holding, сауда орталығының құрылысын жүргізіп жатқан Kayatürk Group, агроөнеркәсіп өнімдерін өндіретін Koç Holdıng, фармацевтикалық өнімдерді өндіретін Atabay Kımya Sanayı Ve Tıcaret AS, сэндвич панельдерді өндіретін Panelsan, қағаз өнімдерін өндіретін Isıklar, геологиялық барлау және агроөнімдерді өндіретін Çalık Holdıng, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін Goknur Gida компанияларының жобалары таныстырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: