Жаңалықтар тізбегі
0

Боксшы қыздарымыз биылғы әлем чемпионатында 64 миллион теңгеден астам сыйақы алды

Бокстан әлем чемпионаты, бокс, қыздар құрамасы, сыйақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 14:48 Сурет: оlympic.kz
Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2022 жылы Ыстамбұлда өткен әлемдік біріншілікте бес медаль жеңіп алды. Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) осы турнир жеңімпаздарына ақшалай сыйлық тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері мынандай көлемдегі ақшалай сыйлықтарға ие болады: «алтын» үшін 100 000 доллар, «күміс» үшін 50 000 доллар, «қола» үшін 25 000 доллар.

Қазақстан әйелдер құрамасы өкілдерінің қоржынында бір күміс және төрт қола медаль бар. Алуа Балқыбекова (48 келі) күміс медаль алса, Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) қолаға ие болды.

Осылайша, 2022 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар барлығы 150 000 доллар (64 миллион теңгеден астам) сыйақы алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: