10 жасар қызын жалаңаш фотоға түсірген әйел сотталды
Сурет: freepik
Ақтөбеде 10 жастағы қыз баланы жартылай жалаңаш күйде суретке түсірген анасы мен ер адамға сот жаза кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сөйтіп, бірі 9, екіншісі 7 жылға сотталды. Жалпы бұл жайт 2 жыл бұрын болған.
Суретті қыздың әкесі көріп, бұрынғы әйелінің үстінен шағым түсірген, деп жазады Хабар 24 телеарнасы.
Кейін онымен бірге тұратын ер адамның да бұл іске қатысы бары анықталды.
Сотталушылардың екеуі де педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Гүлжанар Отарбаева, облыстық соттың баспасөз хатшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript