Рыбакина алғаш рет өз мансабында Wimbledon-ның ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты. Осылайша отандасымыз Англия ашық біріншілігінде жекелей сындағы өзінің жетістігін жақсартуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол төртінші айналымда хорватиялық Петра Мартичті 7-5, 6-3 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды.
Ширек финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Корне — Томлянович жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Бөлісу
0
Толық оқу