Тоқаев Түрікменстан президентін әуежайдан шығарып салды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аяқталды.

Сурет: Ақорда
15 қазанда Түркіменстан көшбасшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов алдымен шағын құрамда кездесу өткізді, артынан ол кеңейтілген құрамдағы келіссөзге ұласты.
Бөлісу
0
Толық оқу