Атырауда аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды сақтаған азамат 10 жылға сотталды

Есірткі сақтаған адам ұсталды Сурет: polisia.kz
Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтаумен айналысқан Қарағанды тумасының заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, ол әккі әрекетін іске асыру мақсатында 2021 жылдың қазан айында Атырау қаласына келген.

Кейін қала аумағында есірткі мен психотроптық заттарды Telegram мессенджері арқылы белгісіз тұлғадан сатып алып, екінші жерге жасырып жүрген.

Сотталғанның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде психотроптық заттарды орау материалдары, шыны құтылар, электрондық таразы мен түтікшелер табылып, тәркіленді.

Тағайындалған сараптама қорытындысы нәтижесінде Қарағанды тумасына қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінде қылмыстық істерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз