Жаңалықтар тізбегі
0

Пәкістанда автобус құлап, 41 адам қаза тапты

Пәкістанда адамдар қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2023 14:55 Сурет: pixabay
Пәкістанда қайық аударылып, 10 бала қаза тапты. Олардың жасы жеті мен он екінің арасында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға елдің солтүстік-батысындағы Хибер Пактунква провинциясында болған. Ал, осы мемлекеттің Балоджистан аймағында автобус көпірден құлап, өртеніп кетті.

Соңғы мәліметке қарағанда, 41 адам қаза тапқан. Салонда барлығы 48 жолаушы болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Олар мінген қоғамдық көлік осы провинция астанасы Кветтадан Карачи қаласына бара жатқанда апатқа ұшырады. Кей болжамдарға қарағанда, жүргізушінің жылдамдықты шектен тыс асыруы қайғылы жағдайға себеп болған.

"Кветтадан Карачиге баратын жолда көпір бар. Сонда автобус қатты жүріп, соғылып, өртеніп кетті. Осының салдарынан 41 адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Ал мәйіттер сот-медициналық сараптама орталығына және жеке басты анықтайтын жерге әкетілді." Файсал Эдхи, төтенше жағдай қызметінің өкілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: