Жаңалықтар тізбегі
0

Parimatch халықаралық турнирде Қазақстан құрамасына қолдау көрсетуге шақырады

Parimatch, хоккей, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2023 10:00 Сурет: Parimatch
4-7 ақпан аралығында Астана қаласындағы "Барыс Арена" алаңында U-18 санатында шайбалы хоккейден Parimatch Eurasia Jastar Cup 2023 халықаралық турнирі өтеді. Жанкүйерлер қазақстандық хоккейдің болашақ жұлдыздарына қолдау көрсетіп, қызықты шоу-бағдарламаны тамашалай алады.

Шараны Қазақстанның хоккей федерациясы мен Parimatch компаниясы ұйымдастырып отыр. Турнир аясында еліміздің 18 жасқа дейінгі хоккейшілерінің жаңа буыны дәстүрлі ойын форматында да, стандартты емес 3х3 форматында да көршілес елдердің командаларымен кездеседі. Жас спортшылар биылғы жылдың сәуір айында Францияда өтетін әлем чемпионатына дейін халықаралық деңгейде тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болады.

Мұндай чемпионаттар елдегі спортты дамытуда маңызды рөл атқарады, спортшыларға әртүрлі қарсыластармен ойын тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық барысында ҚХФ мен Parimatch компаниясы бірнеше іс-шаралар ұйымдастырды, соның ішінде 2021 жылдың ақпанында ересектер арасында хоккейден Qazaqstan Hockey Open кубогы және осы жылдың қаңтарында өткен Ice Games 3x3 турнирі де бар.

"Parimatch Eurasia Jastar Cup серіктестігімізді нығайтуға ғана емес, сондай-ақ жалпы хоккейді, әсіресе жастар хоккейін дамытуға бағытталған тағы бір қадам болмақ. Бүгінгі таңда шетелдік чемпионаттарға тұрақты қатысу қиынға соғып тұрғанда мұндай турнирлер бізге керек. Алдағы чемпионат динамикалық 3x3 форматын, сондай-ақ ерлер мен әйелдер командалары арасындағы ерекше қақтығысты қамтығандықтан да бірінші болып табылады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жанкүйерлерді Parimatch Eurasia Jastar Cup матчтарына шақырамыз! Сондай-ақ көрермендер матчтарды теледидардан көре алады – барлық трансляциялар Insport телеарнасында және Youtube желісінде қолжетімді болады", – деп хабарлады Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев.

Қазақстандық хоккей матчтарының ауқымды трансляциясы ҚХФ мен Parimatch арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір маңызды нәтижесі болып табылады. Екі жақтың ортақ үлесімен 2020 жылы елдің барлық аймақтарында Pro Hokei Ligasy және Jas Ligasy матчтарының тікелей трансляциясы таратылғаны белгілі. Ағымдағы маусымнан бастап қазақстандықтар барлық ұлттық лигалардың, соның ішінде әйелдер мен әуесқойлар лигаларының матчтарын тамашалай алады. Түскен қаражат Jas Nomad бағдарламасын әзірлеуге және ендіруге, сондай-ақ Қазақстандағы хоккейдің дамуына ықпал ететін басқа да жобаларға бағытталады.

"Біз Қазақстан хоккей федерациясымен серіктестік аясында көптеген жетістіктерге жеттік. Ал Parimatch Eurasian Jastar Cup – бұл Федерациямен ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту арқылы ең алдымен осы қызықты спортты кеңінен насихаттау, оған деген сүйіспеншілікті ояту, сондай-ақ жас спортшыларға әлемдік деңгейдегі мұз ареналарын бағындыру жолында қолдау мақсатында жоспарланып отырған тағы бір маңызды кезең", – деп Parimatch Kazakhstan компаниясының бренд маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева ойымен бөлісті.

Көрермендерді әсерлі матчтардан басқа, қызықты ойындар, тәттілер, музыкалық және ойын-сауық бағдарламалары күтеді. Сондай-ақ жанкүйерлердің турнирдің бас демеушісі Parimatch компаниясының фирмалық мерчін алу мүмкіндігі бар. Барлық келушілер үшін кіру тегін.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: