Жаңалықтар тізбегі
0

Украинадағы жағдай: Ресей ауқымды шабуыл бастауы ықтимал

Ресей Украинаға шабуыл жасауы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 16:39 Сурет: Zakon.kz
Германияның Мюнхен қаласында басталған қауіпсіздік конференциясында Украина мәселесі қозғалды. Батыс елдері қолдау ретінде қару-жарақ беруді жылдамдатуға келісті. Сондықтан жергілікті армия көктемде қарымта шабуыл бастауы мүмкін.

Ал «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, соғысқа 1 жыл болғанда, яғни келер апта Ресей ауқымды шабуыл бастауы ықтимал.

Украинадағы ахуалға тоқталсақ. Жергілікті армия көктемде қарымта шабуыл бастауы мүмкін. Батыс елдері болса, қолдау ретінде қару-жарақ беруді жылдамдатуға келісті. Германияның Мюнхен қаласында басталған қауіпсіздік конференциясында Украина мәселесі қозғалды. Ал «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Ресей Украинаға басып кіргеніне 1 жыл болғанда ауқымды шабуыл бастайын деп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Украинада әуе дабылы бүгін таңертең де іске қосылды. Ресей сенбіде елдің 9 облысына зымырандармен соққы берді. Украина тарапының мәлімдеуінше, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Ал Мәскеу бейбіт тұрғындарды нысанаға алғанын үнемі жоққа шығарып келеді. Оның үстіне Ресей Украинаның шығысында шабуылдарды күшейте түскен. Бахмут төңірегінде басымдық таныта бастады. Киев көктемде қарымта шабуыл бастайды деген ақпарат соңғы кездері жиі айтылып жүр.

"Осы көктемде Украина жеңіске қарай бет алғанын шынайы сезінуіміз қажет. Бұған қорғаныс күштерімізді дайындау, мемлекетімізді қару-жарақпен қамтамасыз ету, соғыстағы стратегиялық бастамамыз кіреді. Мұны істей алатынымзға кәміл сенем. " Владимир Зеленский, Украина Президенті

Тойтарыс беру үшін Киев Батыс елдерінің уәде еткен қару-жарағына зәру. Бұл мәселе Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан қауіпсіздік конференциясында қозғалды. «Би-Би-Си»-дің мәлімдеуінше, жиынға барған әлем лидерлерінің ұстанымы бір: ол – Ресейге соғыста жеңуге жол бермеу, Украинаға қолдау көрсетуді күшейту. Ұлыбритания премьер-министрі бәрінен бірінші болып, Киевке алысқа ататын қару беретінін мәлімдеді. Дегенмен Риши Сунак қарудың нақты қандай түрі екенін ашып айтқан жоқ.

"Украинаға әскери көмекті еке есе арттыратын уақыт келді. АҚШ пен Еуропаның лидерлерімен кездестім. Бәріміз Украинаны қолдауды жалғастыра береміз. Украиналықтарға соғыста жеңіске жетуге ғана көмектесіп қоймай, тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуіміз керек." Риши Сунак, Ұлыбритания премьер-министрі

Мәскеу болса, Батыс елдері Ресейге қарсы гибридті соғыс жүргізіп жатыр деп мәлімдеді. Осы елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөзінше, Ресейдің міндеті – Батыстың үстемдігін доғару.

"Біздің жаңартылған сыртқы саяси тұжырымдамамыз Батыстың монополиясын тоқтатуға бағытталған. БҰҰ жарғысына сай, халықаралық өмір шеңбері мүдделер тепе-теңдігі арқылы қалыптасуы тиіс." Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі

Ақпанның 24-де Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір жыл болады. Халықаралық басылымдардың мәліметіне сай, сол датаға қарай Мәскеу ірі шабуыл бастауы ықтимал.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: