Орал қаласында театр қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Оралда театр күні аталып өтілді Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметінен алынды
Орал қаласында Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында халықаралық театр күніне арналған мерекелік шара өтті. Сахна шымылдығы Гамлеттің «Шут» музыкасымен ашылды.

Бұдан кейін «Абай-Әйгерім», «Махамбет пен Жәңгір»,«Фархад-Шырын» образдарын бейнелеген қойылымдар көрсетілді. Салтанатты шараға арнайы келген облыс әкімі Нариман Төреғалиев театр ұжымын мерекемен құттықтады.

Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында әлеуметтік салаға, соның ішінде мәдениетке көп көңіл бөлуде. Елімізде осындай 65 өнер ордасы бар болса, соның бірі қарашаңырағымыз Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры. Өнер бар жерде мәдениет бар, мәдениет бар жерде тәрбие бар. Біз өнерді сыйлайтын, соның ішінде қазақ өнеріне деген сезімі ерекше халықпыз. Мәдениетімізді өркендетіп жүрген театр ұжымына шығармашылық табыс тілейміз, -деді облыс басшысы.
Оралда театр күні аталып өтілді

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Әсел Мәмбетова, Қарлығаш Асқарова, Сердеш Қажымұратов, Гүлжиян Шантемірова, Бибігүл Исалиева, Ербол Есендосов, Бақытгүл Жақыпова, Нұргүл Жұбатова, Самал Әбуов, Эльмира Мақашева сынды танымал өнер иелері қызмет етеді. 30 жыл ішінде театр сахнасында 200-ден астам спектакль қойылса, бүгінде оның 155-і репертуарда. Театр ұжымы Қазақстанның әртүрлі қалаларына ғана емес, шетелдерге де гастрольдік сапармен шығып жүр. Оралдағы қазақ драма театры туралы айтқанда мәдениет ошағын 18 жыл басқарған тұңғыш директор – Құжырғали Төлеуішовтің есімі аталары анық.

Оралда театр күні аталып өтілді

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Мерекелік кеште бөлім меңгерушісі Жазира Тукжанова «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісін иеленсе, Елена Кузнецова облыс әкімінің алғысхатымен марапатталса, тағы бірқатар театр қызметкерлеріне алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Оралда театр күні аталып өтілді

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Ақ тілектер ақтарылған әдемі кеш мерекелік концертке ұласты.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз