Жаңалықтар тізбегі
0

Парадзюдодан АЧ-ның алғашқы күні Қазақстан спортшылары төрт медаль жеңіп алды

Парадзюдодан АЧ-2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 20:51 Сурет: Facebook/Асхат Оралов
Астанада өтіп жатқан парадзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов дүбірлі доданың ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауқымды турнир елордада құрлықтың 11 елінен ондаған спортшыны жинады.

"Бұл отандық параспорт үшін өте маңызды оқиға, өйткені біздің дзюдошылар Азия чемпионатының медальдары үшін ғана емес, Париждегі Паралимпиадада өнер көрсету мүмкіндігі үшін де таласады.Мен Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына жиналған қонақтарды қарсы алып, спортшыларға сәттілік тіледім", деп жазды Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында.


Сондай-ақ, министр атақты қос парадзюдошы Ақмарал Науатбек пен Ерғали Шамейге ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері құрметті атағын табыстады.

Жарыстың алғашқы күні біздің команданың қоржынына екі алтын медаль түсті. J2 санатында Даяна Федосова (57 кг) мен 73 келіге дейінгі салмақта (J1) санатында өнер көрсеткен Ерғали Шамей Азия чемпионы атанды. Ал Ақмарал Науатбек (48 келі) күміс медаль жеңіп алды. Олжас Оразалыұлы (73 келі) қола жүлдеге ие болды.

"Қазақстандық жанкүйерлерді және спортшылардың өздерін осы тамаша нәтижемен құттықтаймын.Мәдениет және спорт министрлігі өз тарапынан параспортқа барлық қолдау көрсетеді және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасайды.Спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ олардың жаттықтырушылары үшін қомақты сыйақы да қарастырылған. Халықаралық спорт федерациясына (IBSA) Қазақстанға көрсеткен сенімі үшін жеке алғыс білдіргім келеді". ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов

Парадзюдодан Азия чемпионаты 30 сәуірге дейін жалғасады. Министр баршаны татамиде еліміздің намысын қорғайтын спортшыларды белсенді қолдауға шақырды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: