Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның қай өңірлерінде әжетхана жетіспейді

Қазақстанның қай өңірлерінде әжетхана жетіспейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 15:37 Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрлігі мән-жайды зерттей келе елімізде 292 бірлік дәретхана жетіспейтінін анықтады деп хабарлайды Zakon.kz.

Ең көп тапшылық Қостанай облысында тіркелді. Облыста жаңадан 52 санитарлық-гигиеналық бөлімше ашу қажет.

Ішкі туризмге басым бағыттардың бірі саналатын Түркістан облысында да бұл мәселе өзекті. Зерттеуге сай, облысқа кемінде 50 санитарлық қондырғы қажет. Сонымен қатар Ақмола (31), Алматы (39), Ақтөбе (26) және Батыс Қазақстан (23) облыстарында да қажеттілік бар.

Мысалы, былтыр елімізде 53 әжетхана орнатылған. Бұл көрсеткіш бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Былтыр облыста 10 санитарлық-гигиеналық қондырғы орнатылды.

Одан кейін 9 ашық дәретхананы іске қосқан Павлодар облысы келеді. Үздік үштікті 8 дәретханамен Алматы облысы түйіндеп тұр. Сонымен қатар 2022 жылы Қызылорда және Түркістан облыстарында 6 санитарлық-гигиеналық қондырғы орнатылған.

Жергілікті атқарушы органдардың жоспары бойынша биыл өңірлерде 183 сыртқы дәретхана орнату жоспарланған.

"Министрлік туризм саласында кәсіпкерлерді мемлекеттен қолдаудың бірнеше құралын іске қосты. Соның бірі - санитарлық торапты ұстауға жұмсалған шығынды өтеу. Бұл үшін кәсіпкерлерге субсидиялар төленеді: айына 83 мың теңге", - деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

Санитарлық тораптарды орнату, олардың жұмыс сапасын қамтамасыз ету және қаржыландыру әкімдіктердің құзырында. Бұған дейін туристер Қазақстанның қай қалаларында жиі болатыны белгілі болған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: