Жаңалықтар тізбегі
0

«Ұnight Show» атты жаңа әзіл-сықақ шоуы туралы не белгілі

Жаңа шоу жарыққа шығады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 11:05 Сурет: "Ұnight show"
16 маусым күні НТК арнасы «Ұnight Show» атты жаңа шоу ұсынбақ! Стендап, жайдарман, кино және басқада жобалардан жолын тапқан резиденттер езуіңізден кетпейтін күлкі сыйлайды.

Импровизацияға негізделген айдарлар – шоудың басты ерекшелігі болмақ.

"Жобаны бастамас бұрын, біз анализ жасадық және негізгі басымдықты импровизацияға беруді жөн санадық. Көрермен бағдарламадан импровизацияға толы айдарларды көретін болады." Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, "Ұnight Show" шоудың продюсері

Қоғамымызда болып жатқан көптеген оқиғаларды әзіл-күлкі арқылы жеткізуді мақсат еткен бағдарламаның тақырып аясы кең. Жоба продюсерінің айтуынша, шоуда еліміздегі сайлау жүйесі, шенеуніктер, курьер мен еріктілер негізгі тақырыпқа айналмақ.

"Аз-ақ фильм" атты арнайы айдар қостық. Бұл сахнадағы импровизациялық фильм. Бұны көру керек, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Одан бөлек, "Ұ-name" деген айдар бар. Көпшілікке танымал қыз (блогер, әнші, актриса) арнайы шақырылады. Резиденттер оған комплимент айтады. Барлық резиденттердің ішінен жаңағы қыз бір жеңімпазды таңдайды. Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, "Ұnight Show" шоудың продюсері

Талант пен тапқырлықты қажет ететін шоуға жоба авторлары елімізге белгілі әзілкеш, стендаперлерді арнайы жинақтаған.

"Жобадағы резиденттер жаңа есімдер деп айта алмаймын, барлығы Қазақстандағы танымал әзілкештер. Шоуға креативті ойлай алатын, әзілге жақын резиденттерді арнайы таңдап алдық. Мәселен, Бексұлтанның кинодағы образдарын көріп жүрсіздер. Сондықтан, Бексұлтанда мін болған жоқ. Ал Нұрболды о баста алу керек деп ойлаған резидентіміздің бірі еді. Сондықтан Нұрбол да бірден алынды." Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, "Ұnight Show" шоудың продюсері

"Ұnight Show" шоу 16 маусымнан бастап, әр жұма сайын, сағат 18:10-да НТК арнасынан эфирге жол тартады!

Серіктестік ақпарат

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: