Елорда маңындағы өрт оқшауланды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің соңғы ұсынған мәліметіне сәйкес, Нұра ауданында Талдыкөл маңындағы сортаңды жердегі таңертеңнен басталған қамыс пен құрғақ шөп өрті оқшауланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"21-09-да өрт оқшауланды, өрттің жалпы ауданы 80 гектарды құрады. Зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, алдында Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдарының қосымша тобы көмекке келе жатқаны хабарланған болатын. Өрт басында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің жүргені, олар үйлестіру жұмыстарымен айналысып жатқаны да айтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript