Астанадағы өрт екінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр
Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жол арасындағы қураған шөп пен қамыс өртін екінші күн қатарынан сөндіруге күш салып жатыр. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елорда маңындағы ТЖ орнына барып, өртті тез арада сөндіру үшін күштер мен құралдар топтамасын тиімді жұмылдырылуды, ТЖМ Казавиақұтқару авиатехникасын қосымша тартуды тапсырды.
"Қазіргі уақытта өрт сөндіруге Қазавиақұтқару су ағызу құрылғысы бар МИ-8 борты қосымша тартылып, бүгін таңертеңнен бастап өрт ошақтарына әуеден 17 рет 51 тонна су төкті. Өрт сөндіру орнында Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары ТЖД жеке құрамының 185 адамы және 37 бірлік техникасы, қала әкімдігінің 6 суару машинасы жұмылдырылды".Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Астана қаласының әкімдігі және де өз еріктерімен Клуб добряков еріктілер командасы елордалық өрт сөндірушілерді ыстық тамақпен және сусынмен қамтамасыз етті.
Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан қрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырды.
"Өрт қауіпсіздігін, балалар отпен ойнамауын қадағалаңыз, темекі тұқылын тастамаңыз! Өрт қауіпті кезеңде өрттің пайда болу қаупі артады. Әсіресе, отпен абайсыз болу жағдайлары артады", – делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript