Іле-Балқаш резерватындағы өрт толық сөндірілген жоқ
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысындағы Іле-Балқаш резерватында 6200 гектар аумақта қамыс өртенді. Оның 6 мың гектардан астамы сөндірілді.
Қызыл жалын Балқаш көлі маңындағы шағын аралдарда тұтанғандықтан оны сөндіру бірқатар қолайсыздықтар тудырып отыр.
Батпақты жерге арнайы техника бара алмайды. Сондықтан өртті жаяу жүріп қолмен өшіруге ғана мүмкіндік бар, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазіргі таңда мамандар 150 гектар аумақта тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Елді-мекендерге қауіп жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript