Жолаушыға құрбан шалу міндетті ме?
Сурет: pixabay
90 шақырымнан астам жерге сапарға шыққан адамға құрбандық шалуы міндетті емес. Бірақ нәпіл ретінде құрбандық шалса, сауапқа кенеледі.
Алайда жолаушы айт күндерінің демалысын пайдаланып немесе басқа да себептерге байланысты сапарлап барған жерінде құрбан шалуына рұқсат етіледі. Оның сапарға шыққаны құрбан шалуына және құлшылығының қабыл болуына кедергі болмайды, деп жазады ҚМДБ.
Жолаушы сапарда жүріп құрбан шалып, айт күндері бітпей жатып үйіне қайтса, оған екінші рет құрбан шалу міндетті емес. Сондай-ақ айт күндерінің басында тұрғылықты болып, кейін айт күндерінің ішінде сапарға шықса да оған құрбан шалу міндеттелмейді.
Ал егер айттың бірінші күні сапарда болып құрбан шалмаса, кейін айт күндері үйіне қайтса, оған құрбан шалу тиіс болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript