Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада әлеуметтік нысандар салу үшін кейбір тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспардан сызылуы мүмкін

Әлеуметтік нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 19:01 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бас жоспарда Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің басшылығымен "Menin Elim Dala" бастамашыл топтарының қатысуымен нақты құрылыс мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңесте әлеуметтік нысандардың пайдасына орай тұрғын үй кешені құрылысын жою, үйлердің қабатын азайту, Талдыкөл бойынша және тағы басқа мәселелер көтерілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалада нақты құрылыстың 18 негізгі проблемалы объектісі бар. 13 нысан бойынша мәселелер тұрғындардың тілектері мен өтініштерінің пайдасына шешіледі, яғни ТК маңында мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар, қоғамдық кеңістіктер болады. Қалған 5 нысан бойынша сот және келіссөздер процесі жүріп жатыр.

Мысалы, Байтұрсынов көшесі, 7 (Хайвил ТК) мекенжайында жер учаскесінде бұрын айтылғандай, көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынады.

- Сондай-ақ, Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі маңында, яғни "Хайвил" тұрғын үй кешеніне қарама қарсы оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында тағы бір жалпы білім беретін мектеп салынады.

- Күмісбеков көшесі, 9/2 үйінің жанында 21 қабатты ТК және паркингтің орнына гүлзар салынады.

- "Sport Towers" ТК тұрғындарының өтініші бойынша екі мектеп салынады (Alpamys ТК мен Alau ТК арасында және Барыс-Арена мұз айдынына оңтүстік бағытта).

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, оның ішінде құжаттарды нормаларға сәйкес келтіру, "Menin Elim Dala" ҚБ жауаптарын ұсыну және т.б.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: