Жаңалықтар тізбегі
0

Еуропалық Парламенттің төрағасы дүниеден озды

Қайғылы хабар, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 19:36 Сурет: Twitter/David Sassoli
65 жастағы Еуропалық Парламенттің басшысы Давид Сассоли Италияда түнде қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қайғылы хабармен Twitter -де оның баспасөз хатшысы Роберто Куилло бөлісті.

Қазаға себеп – иммундық жүйенің бұзылуынан кейінгі асқынулар. Саясаткер өкілінің айтуынша, ол Италияның Авиано қаласындағы онкологиялық орталықта қайтыс болған.

Сассоли 26 желтоқсанда Авианодағы онкологиялық орталыққа жатқызылды. 10 қаңтарда Куилло Еуропалық Парламент басшысының қатысуымен болатын жоспардағы барлық ресми іс-шаралардың күшін жойғанын мәлімдеді.

Желтоқсан айында 65 жастағы Сассоли Еуропарламент басшысы сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайтынын мәлімдеді. Бұған дейін, 2021 жылдың қыркүйегінде ол Страсбургте пневмония диагнозымен ауруханаға келіп түсті (оған COVID-19-дың қатысы жоқтығы айтылған).

Давид Мария Сассоли 1956 жылы 30 мамырда Флоренцияда дүниеге келді.

Флоренция университетінің саясаттану факультетін бітіріп, саясатқа келгенге дейін журналист болып жұмыс істеді. 2009 жылы ол Италия Демократиялық партиясы атынан депутат болып сайланды. 2014 жылы екінші мәрте депутат болды, сол жылы Еуропалық Парламенттің вице-төрағасы лауазымына тағайындалды. 2019 жылдың көктемінде тағы да осы лауазымға қайта сайланды, ал жазда Еуропарламенттің төрағасы болды. Үйленген, екі баласы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: