Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып тастады

Өзбекстан шекарашылары 5 мамырда Қырғызстанның үш азаматына қатысты қару қолданды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
24.kg ақпараттық ресурсының жазуынша, қайғылы оқиға Жалал-Абад облысы Ала-Бұқа ауданы Ақтам ауылдық басқармасына қарасты Добо-Коргон жерінде болған. Үш қырғызстандық оқ жарақатын алды, олар Ала-Бұқа ауданындағы ауруханаға жеткізілді. Олар сол жерде тілге келместен қайтыс болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ала-Бұқа бағыты бойынша Қырғыз Республикасының шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Қорған бағыты бойынша шекара өкілімен кездесті. Тараптар қызметтік тексерулердің қорытындысы бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға келісті. Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі
Ведомство осы факті бойынша тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript