АҚШ-та "Иэн" дауылы салдарынан миллионнан астам адам жарықсыз қалды

АҚШ, Иэн, дауыл, құйын, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 09:46 Сурет: pixabay
Алдымен дауыл Кубаны толық жарықтан айырды. Ұлттық электрмен жабдықтау жүйесіндегі ақаудың салдарынан бүкіл аралда электр жарығы үзілді. Дауыл кейінірек Флоридаға ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тың Флорида штатының 1,8 миллион тұрғыны жағалауға жеткен 4-санаттағы "Иэн" дауылы салдарынан электр жарығынсыз қалды, деп жазды poweroutage.us.

Басылымның мәліметінше, Флоридада 1 814 318 тұтынушы жарықсыз қалған.

28 қыркүйекте Флориданың оңтүстік-батыс жағалауында Саффир – Симпсон шкаласы бойынша 4-санатқа дейін күшейген "Иэн" дауылы соқты.

Оның шегінде желдің екпіні 70 м/с-қа дейін жетеді. Метеорологтардың болжауынша, Флоридада "Иэн" қыркүйектің 29-ы күні кешке немесе 30 қыркүйектің таңына дейін тоқтаусыз соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: