Жаңалықтар тізбегі
0

ЕО "Солтүстік ағынға" диверсия жасалғаны анықталса, қатаң жауап қайтарылатынын ескертті

"Солтүстік ағын", "Солтұстік ағын-2", диверсия, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 17:47 Сурет: nord-stream.com
Еуропалық одақ (ЕО) егер "Солтүстік ағындағы" апат қасақана жасалғаны анықталатын болса, қатаң шаралар қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЕО Балтық теңізінің халықаралық суларында газдың ағып кетуіне әкеліп соқтырған "Солтүстік ағын" және "Солтүстік ағын-2" желілерінің зақымдалуына алаңдаулы. Бұл туралы еуропалық дипломатия басшысының баспасөз хатшысы Питер Стано "Коммерсант FM" агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Қауіпсіздік пен қоршаған орта біз үшін абсолютті басымдықтар болып саналады. Бұл апат кездейсоқ емес, бәрімізге кесірі тиеді. Қолда бар барлық ақпарат апат қасақана жасалған әрекеттің нәтижесі екенін көрсетіп отыр, – деді Питер Стано.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: