Ресей төрт аймақтағы әскери жағдайға байланысты шекараны жаппайды
Сурет: pxhere
РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елдің жаңа аймақтарында әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты Ресей шекараларын жаппайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дмитрий Песков РИА Новостиге Ресейдің төрт аймағында әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты шекараларды жабу жоспарланбағанын айтты.
19 қазанда Владимир Путин Ресейге қосылған төрт аймақта егемендігін жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларында, Запорожье және Херсон облыстарында 20 қазанда әскери жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Әскери жағдайдың қанша уақытқа енгізілгені әлі белгісіз.
Ресейдің шекаралас аймақтарында «орташа денгейдегі жауап қайтару» енгізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript