БАҚ Лиз Трасстың телефонына ресейлік хакерлер шабуыл жасағанын жазды
Британдық Daily Mail басылымының жазуынша, 2022 жылдың жазында Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің сол кездегі басшысы Трасс хакерлік шабуылға ұшырады. Бірақ премьер-министр Борис Джонсон мен үкімет хатшысы Саймон Кейс бұл ақпаратты жасырған.
Хакерлер саясаткердің өткен жылғы, соның ішінде Ұлыбританияның бұрынғы кәсіпорын, энергетика және өнеркәсіптік стратегия министрі Квази Квартенгке жолдаған хабарламаларына қол жеткізген. Онда одақтастармен келіссөздер жүргізудің егжей-тегжейі, Украинаға қару-жарақ жеткізу туралы мәліметтер мен басқа да құпия ақпараттар жазылған.
Басылымның жазуынша, бұл жағдай "дүрбелең тудырғандықтан", телефон құлыпталған сейфке қойылды.
Сыртқы істер министрінің де телефоны агенттерге күмәнді жеке хабарламалар жіберу үшін осылай оңай ұрланатын болса, бұл арнайы қызметтер үшін жақсы нәрсе емес, – деп жазылған мақалада.
Мақалада жазылғандай, Трасс телефонына жасалған хакерлік шабуыл туралы ақпараттың халыққа жария болуынан қорыққан. Бұл ақпарат БАҚ-та жарияланса, оның премьер-министр атануына кедергі келтіретін еді.