Жаңалықтар тізбегі
0

Владимир Зеленский "Жыл адамы" атанды. РФ-ға қарсы мұнай санкциялары күшіне енді

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 22:30 Сурет: president.gov.ua
Еурокомиссия Ресейге қарсы тоғызыншы санкциялар пакетінің әзірлігі мәселесін талқылады, Украинаның кейбір өңірлері электр жарығынан ажырап қалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Financial Times газетінің нұсқасы бойынша "Жыл адамы" атанды.

  • Украинаның барлық жерінде дабыл қондырғысы қосылды. Билік ел азаматтарын бас сауғалағанда паналайтын арнайы орында болуға шақырды. Кейбір өңірлер электр желісі үзіліп, жарықсыз қала бастады.

  • Одесса зымыран соққысынан кейін сусыз қалды. "Инфоксводоканал" мәліметінше, сорғы станциялары басты және резервтік желілерде энергияның болмауына байланысты тоқтады. Сондай-ақ, Одессада тоқпен жүретін қоғамдық көліктер тоқтап қалды.

  • 5 желтоқсанда ЕО-ның Ресей Федерациясына қарсы мұнай санкциялары күшіне енді. Еуропалық Одақ кеңесінің шешімі бойынша Ресей мұнайы бағасына лимит (барреліне 60 доллар) енгізілді және Ресей мұнайын үшінші елдерге теңіз арқылы тасымалдауға тыйым салынады. Кейбір БАҚ бұдан кейін мұнай бағасы көтерілгенін хабарлады.

  • Ресей Еуроодақтың өз мұнайының бағасына шек енгізуіне жауап беруге дайындалып жатыр, - деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Алайда оның іске асырылатын уақытын атамады.

  • РФ президентінің баспасөз хатшысы Песков елін тастап кеткен ресейліктерге қатысты қандай да бір шектеулер енгізуге қатысты Кремльде "ешқандай пікірталастар мен талқылаулар болып жатпағанын" жеткізді.

  • Батыс елдерінің ресейлік мұнайдың бір баррелін 60 доллардан асырмау жөніндегі бағаға қатысты шектеуі күшіне енгеннен кейін әлемдік нарықтағы отын құнын ескерсек, "аласапыран орын алары сөзсіз", - деп жазады РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев telegram арнасында. Оның айтуынша, бағаны "саяси конъюнктураға сай" реттеу әрекеттері әрқашан тауардың жойылуы немесе бағаның өсуімен тынатын.

  • Еуропалық комиссия мен ЕО елдерінің өкілдері демалыс күндері Ресейге қарсы тоғызыншы санкциялар пакетін дайындау жайын талқылады, делінген Politico еуропалық басылымында. Жаңа пакетте технологияға, қаржыға және медиа-бизнеске қатысты 180 шектеу шаралары қамтылған. Дипломатиялық дереккөздердің хабарлауынша, жаңа санкциялар пакеті туралы келісімге келесі аптада - 12 желтоқсанда ЕО Сыртқы істер кеңесінің отырысы алдында қол жеткізу мүмкін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: