Жаңалықтар тізбегі
0

Украинадағы жағдай: Еуропадағы газ бағасы 900 доллардан төмендеді, Зеленский Киевке оралды

Украина, Ресей, Путир, Зеленский, Еуроодақ, баға өсуінің жоғарғы шегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2022 21:58 Сурет: pixabay
ЕО Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін тоқтату механизмін құруға шақырды, Ресей жоғары оқу орындарында әскери дайындық негіздері курсы оқытылатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Киев облысында электр қуатының тапшылығы шамамен 50% болды – Киев облыстық әскери басқармасының басшысы Алексей Кулеба.
  • Солтүстік Корея АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Ресейге оқ-дәрілер жеткізіп жатыр деген" деген ақпаратын жоққа шығарды.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевке оралды.
  • АҚШ сенаты Украинаға көмектесу үшін 44 миллиард доллар бюджетті мақұлдады. АҚШ-тың әділет министрлігі АҚШ-та тәркіленген "ресейлік олигархтардың" активін сатудан түскен табысты Украинаға аудара алады.
  • Ресейдің жоғары оқу орындарында әскери дайындық негіздері курсы оқытылатын болды.
  • "Үлкен жетілік" елдерінің қаржы министрлері келесі жылы Украинаға 32 миллиард долларға дейін қаржы бөлуді мақұлдады.
  • Ресей ЕО бекіткен баға өсуінің жоғарғы шегіне байланысты мұнай өндіруді қысқартуға дайын, деп хабарлады РФ вице-премьері. Ресей газы бағасына жоғары шек енгізілгеннен кейін Еуропадағы газ бағасы 900 доллардан төмен түсті.
  • Келісім-шарттарында баға шегіне сілтеме жасайтын елдерге  Ресей мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге тыйым салуды жоспарлап отыр.
  • Украина Беларусьпен әуе қатынасы туралы келісімнен шықты.
  • Зеленский командасы Украинаның бітімгершілік келісімі бойынша жоспарын әзірлеп жатыр әрі Ресей мен Украина арасындағы қақтығысұа жыл толғанына орай идея ұсынуға ниетті.
  • Еуропалық кеңестің төрағасы Шарль Мишель Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігін "тоқтата тұру" механизмін әзірлеу қажет деп санайды, дегенмен бұл идеяны іске асыру тап қазіргі уақытта мүмкін емес екенін мойындады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: