Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға көмекке аттанды
![Түркия, ҚР ТЖМ, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2023 13:38](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-6aef57fa-4256-4984-8c5d-c88360332d58/800x450.webp)
Жеке құрам ұшаққа отырды, құтқару жабдықтарын жүктеу аяқталды, деп жазды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасы.
2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, екі елде қаза тапқандар саны 7800 адамнан асты.
7 ақпан күні Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының бірінші легі Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.
Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің алғашқы тобымен Түркияға аттанған ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев елдегі жағдай қиын екенін айтты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір бортын жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету Түркияға аттандыруды тапсырды.