Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі табылды

Түркия, жер сілкінісі, Қазақстан азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 14:58 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті.

Бүгін, яғни 13 ақпан күні мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді.

Тасымалдау бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды. 

6 ақпан күні таңертең Түркияда күшті жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінен кейін үйінді астынан Түркияда жүрген қазақстандық Сәбина Мамадьярова  аман-есен шығарылды. Оның қолы сынған. Әділ Қадырбековтың денесі үйінді астынан 9 ақпанда табылды. Сол күні құтқарушылар қиранды астынан тағы бір қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесін шығарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: