Қырғызстан парламенті педофилдерге өлім жазасын тағайындау жөнінде референдум өткізуді сұрады
Бұған дейін Қырғызстан парламентінің бірнеше депутаты жасөспірімдерді зорлағандарға жазаны күшейтуді сұраған еді. Атап айтқанда, олар химиялық кастрацияны енгізу туралы бастама көтерді, деп мәлімдеді 24.kg.
Қырғызстанда өлім жазасына мораторий жарияланған. 1998 жылы Асқар Ақаев Адам құқықтары декларациясының қабылданғанына 50 жыл толуына орай өлім жазасына екі жылдық мораторий енгізді. Мерзімі біткен сайын ол жаңартылып отырды.
Конституцияның жаңа редакциялары іс жүзінде өлім жазасын алып тастады. Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінде өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылған.
Отставкадағы полиция полковнигі Александр Зеличенко бұған дейін елде өлім жазасын енгізуге қарсы екенін мәлімдеген.
"Қазіргі қылмыстық-құқықтық жүйе бойынша өлім жазасын қайтаруға қарсы екенімді айтқым келеді.Тіпті кеңестік дәуірде жұмысқа аса жауапкершілікпен қараған кезде де, кінәсіз болып шыққан адамдар атылды". Александр Зеличенко