Жаңалықтар тізбегі
0

SVB банкроттығынан соң АҚШ банктері ФРЖ-дан 165 млрд доллар қарыз алып тастаған

Банкроттық, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 19:08 Сурет: pixabay
АҚШ Федеральды резерв жүйесі жариялаған статистикаға сәйкес, бір апта бойында америкалық банктер банк секторындағы дүрбелеңнің әсері салдарынан федералды резервтен шамамен 164,8 миллиард доллар несие алып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америкалық банктер 90 күндік мерзімге 152,8 миллиард доллар несие алған. Тағы 11,9 миллиард доллар несиені қаржы институттары өткен жексенбіде іске қосылған АҚШ банктерін мерзімді қаржыландырудың жаңа бағдарламасы аясында тағы алды.

Әлемдік ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, бұл сома - 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан бергі рекордтық көрсеткіш.

ФРЖ-ның несиелік қолдауына ие болған нақты қай банктер екендігі туралы мәліметтер жарияланбады. Ірі банктер де төлем қабілеттілігіне қатысты мәселелері бары туралы айтпады. Сонымен қатар, АҚШ Президенті Джо Байден АҚШ қаржы жүйесіне қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

Айтқандай, тағы бір банктің банкроттыққа ұшырауына және қаржы секторындағы дағдарыстың ұлғаюына жол бермес үшін 16 наурызда, бейсенбіде АҚШ-тың 11 ірі қаржы ұйымы қиын жағдайға тап болған First Republic Bank-ке 30 миллиард доллар салуға ниеті екендіктерін мәлімдеді. "Аман алып қалынған" банктің кредиторлары қатарында JPMorgan, Citigroup, Bank of America, Wells Fargo, Goldman Sachs, Morgan Stanley және басқалары да бар. 

Айта кетсек, өткен жұмада бүкіл әлем бойынша стартаптарға қызмет көрсетумен айналысқан Svb Financial Group банкротқа ұшырағаны белгілі болды. Бұл АҚШ-тың банк жүйесіндегі 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан кейінгі ең үлкен күйреу болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: