Жаңалықтар тізбегі
0

Макрон елді дүрліктірген зейнатақы реформасы жайлы заңға апыл-ғұпыл қол қойып жіберді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2023 14:09 Сурет: wikimedia
Зейнетақы реформасы туралы заңның мәтіні Ресми журналда жарияланды. Бұған дейін Франция Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасының негізгі ережелерін, соның ішінде зейнетке шығудың ең төменгі жасын 62 жастан 64 жасқа дейін ақырындап көтеруді заңды деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды, бұл құжат Ресми журналда жарияланды, деп хабарлайды Le Monde газеті.

14 сәуірде құжатты мақұлдағаннан кейін Конституциялық кеңес президент Эммануэль Макрон 48 сағат ішінде оған қол қояды деп мәлімдеді. Ресми журналда жарияланған құжатқа сәйкес, оған Президент қазірдің өзінде қол қойып үлгерген, деп жазады басылым.

"Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру кодексіне түзетулер енгізіліп, бірінші абзацтағы "алпыс екі" сөзі "алпыс төрт" деп жазылады", делінген заңда.


Макрон зейнетақы реформасын өз жұмысының басты басымдықтарының бірі деп атады. 

Айта кетсек, кеше Францияның бірнеше қаласында зейнетақы реформасына қарсы 12-ші мәрте жалпыхалықтық көтеріліс өтті. Париждің өзінде 4 мыңға жуық адам наразылық ациясына қатысты. Одан бөлек шерулер Нант, Тулуза, Дижон, Страсбург, Марсель және Лион қалаларында да өтті. Реформаны қабылдау қарсаңында өткізілгендіктен бұл жолғысы аяусыз басып-жаншуға ұшырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: