Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2023 21:17 Сурет: akorda.kz
«Орталық Азия + Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» саммиті аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.

Екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, Эмомали Рахмонның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: