Тайландта қайтыс болған қазақ туралы не белгілі

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тайландта қаза тапқан Қазақстан азаматы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 қыркүйекте ата-анасы оның денесін таныды. Жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Қазір құжаттар рәсімделіп, жергілікті атқарушы органдармен келіссөздер болып жатыр.
"Бұл жігіт Таиландта бірнеше ай болған. Өзі 15 жасынан бастап саяхаттайды екен. Әлеуметтік желілерде өте белсенді. Оның YouTube-те жеке блогы бар. ІТ маманы болуы керек. Осындай оқиға болғаны өкінішті. Біз ата-анасына барлық көмекті көрсетеміз".Айбек Смадияров
Ол 1 қыркүйекте Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің сенім телефонына Пхукет аралында Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат түскенін атап өтті. Консул жергілікті билікке, полицияға хабарласты. Екі күн бойы іздестіру жүргізілді.
3 қыркүйекте оның денесі жағадан табылды. Жігіт 18 жаста еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript