Жаңалықтар тізбегі
0

Лондонда лаңкестікке қатысы бар деген күдікті түрмеден қашып кетті

Лондон, терроризм, күдікті, аспаз, түрме , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 15:36 Сурет: pixabay
Терроризмге қатысы бар деп күдікке ілінген бұрынғы әскери қызметкер Лондондағы Уондсворт түрмесінен аспаз кейпіне еніп қашып кетті. Оны полицейлер екінші күн қатарынан іздестіріп жатыр, Ұлыбритания әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Лондондағы Уандсворт түрмесінен терроризмге қатысы бар деген күдікті қашып кеткеннен кейін Ұлыбританияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп жазды Sky News. Лаңкестік әрекеттерге қатысы бар және барлау ақпараттарын заңсыз жинаған деп айыпталған бұрынғы әскери қызметкер Дэниел Абед Халифе сәрсенбі, яғни 6 қыркүйек күні қашып кетті.

Халифе түрме асханасында жұмыс істеп жүрген, ол аспаз киімін киіп, Уандсвортқа тамақ жеткізетін жүк көлігіне жабысып қашып кетті. Күшейтілген қауіпсіздік ескертуі дереу Лондондағы және оның айналасындағы ірі әуежайлар мен теңіз порттарына таратылды. Хитроу әуежайында және Дувр теңіз портында жолаушыларды тексеру уақыты едәуір ұзартылды.

Полицейлер Ұлыбритания тұрғындарын Халифені іздеуге көмектесуге шақыруда, дегенмен олар бұрынғы әскери қызметкер қоғамға қауіп төндірмейтініне сенімді.

Тергеушілердің мәліметінше, 2019 жылдан 2022 жылға дейін Дэниел Абед Халифе "жауды қызықтыруы мүмкін" барлау ақпаратын жинап, таратқан (соның ішінде теракт ұйымдастыруға қажетті ақпарат), сонымен қатар жарылғыш құрылғылардың үш муляжын жасаған.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: