Жаңалықтар тізбегі
0

Дүниежүзілік банк жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Мароккоға көмектесетін болды

Жер сілкінісі, Марокко, Дүниежүзілік банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2023 10:18 Сурет: pixabay
Дүниежүзілік банк Мароккодағы жер сілкінісінен кейін зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуге уәде береді. Банктің осы негіздегі мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы ұйымының мәлімдемесінде Марракештің оңтүстігіндегі аудандарда адам шығыны мен қирандыларға әкеліп соққан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Марокко халқына көңіл айтылады.   

"Біз Корльдікке көңіл білдіре отырып, осы апаттан кейінгі елге толық қолдауымызды ұсындық. Қазіргі сәтте біздің бар назарымыз осы трагедиямен бетпе-бет келген Марокко халқы мен билігіне ауып отыр", делінген құжатта.

Алдында Марокко билігі жер сілкінісі құрбандарының саны 2 012-ге жеткенін, тағы 2 059 адам зардап шеккенін, оның 1 404-і ауыр жағдайда екенін хабарлаған. Марокко королі VI Мұхаммед елде үш күнге қаралы күн жариялады. Ол баспанасынан айырылғандардың барлығына жедел көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ ол билік органдарына қиын жағдайға тап болған маррокандықтардың, оның ішінде жетім-жесірлердің шығындарын жабуды тапсырды.

Көптеген елдер жойқын жер сілкінісінен зардап шекккен Мароккоға көмектесуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Айта кетсек, 9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: