Мысыр ақыры қоршауда қалған Газа секторындағы босқындарды өткізуге келісті
Сурет: wikimedia
Палестиналық содырлар мен Израиль арасында кең ауқымды соғыс басталғаннан бері Мысыр мен Израиль әскері қоршауға алған Газа секторының шекарасындағы Рафах шекара бекеті бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін алғаш рет ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының жазуынша, медициналық көмекке мұқтаж газалықтар соңғы үш аптада алғаш рет Рафах өткізу бекетінен өтіп жатыр. Қоршауда қалған Палестина анклавынан ондаған жаралы бейбіт тұрғын мен жүздеген шетелдік эвакуацияланып жатыр.
Израиль, Мысыр және ХАМАС қозғалысы өкілдері АҚШ пен Қатар делдалдарының қатысуымен шекара бекетін ашу туралы келісімге қол жеткізді. Мысыр мен Палестина билігі Рафах бақылау-өткізу бекеті қанша уақытқа ашылғанын нақтыламады. Мысыр шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Газа секторынан ауыр жарақат алған 81 адамды ғана босатуға келісті. Рафахтан шамамен 15 шақырым жерде жараланған палестиналық босқындарға арнап далалық аурухана салынады.
Бұған дейін қоршаудағы сектордан кетуге тырысқан жүздеген палестиналық шекарада жиналды, бірақ Рафах бақылау-өткізу пункті тек бір бағытта жұмыс істеп тұрды. Газадан ХАМАС босатқан төрт адам ғана босатылды. Сонымен бірге Рафах арқылы Палестина анклавына гуманитарлық көмек жеткізіледі, қазірдің өзінде шекарадан дәрі-дәрмек пен азық-түлік тиелген 200-ден астам жүк көлігі өтіп үлгерген.
Газа секторында 44 елдің азаматы мен 28 халықаралық агенттіктердің, соның ішінде БҰҰ өкілдерінің болуы жағдайды қиындатып отыр. АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэтью Миллер АҚШ дипломаттары жүздеген америкалық пен шетелдік азаматтардың Палестина-Мысыр шекарасы арқылы қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша келіссөздерде "нақты прогреске қол жеткізгенін" айтты. Газадағы британдық азаматтарға да жақын арада Рафах эвакуация пунктінің ашылуы мүмкін екені ескертілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript