Газада Израильдің соққысынан 56 мешіт қирады
Ол үш шіркеудің де зардап шеккенін айтты.
"56 мешіт қирап, тағы 136-сы зақымданды, үш шіркеу де зақымданды", - деп келтіреді оның сөзін Al Jazeera телеарнасы.
Мааруфтың айтуынша, Газа секторында қақтығыстар шиеленісе бастағаннан бері 222 мың тұрғын үй зақымданып, 40 мыңнан астамы толығымен қираған.
Палестиналық ХАМАС содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасады. Олар бірнеше шекаралық елді мекендерді басып, адамдарды кепілге алды. Израиль қорғаныс күштері содырларды өз аумағынан қуып шығып, Газа секторына күшті соққы беріп, оны қоршауға алды. Палестиналықтар мен Израиль арасындағы бірнеше ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан қақтығыстың кезекті шиеленісуі ең қанды оқиғаға айналды. Дәл қазір Газада апатты гуманитарлық жағдай бар. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаның бейбіт тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды. Қазақстаннан бөлінген 1 млн доллар аударылды.