Израиль соғыстан кейін Газаны демилитаризацияланған аймаққа айналдыруды жоспарлап отыр
Соғыс аяқталғаннан кейін Израиль әскерилері Газа секторында қарусыздандырылған аймақ құруға кіріседі, деп жазды Al Jazeera.
Премьер-министр мұны Израильдің ғана қолынан келетінен және Газа секторын қарусыздандыруға бағытталған ешбір халықаралық күшке сенбейтінін айтты.
Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлант та баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде, әскерилер зор жетістіктерге жеткенімен, шығын да көп шыққанын айтты. Ол Газа секторындағы құрлық операциясы басталғалы бері қаза тапқан 80 израильдік сарбаздың қазасын меңзеп отыр.
Израиль әскері Газа секторындағы құрлық жорықтарының үшінші кезеңінде екенін және Хан Юнис қаласын толығымен қоршап алғанын және қаланың орталығында әрекет етіп жатқанын мәлімдеді.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша сот процесі екі ай үзілістен кейін қайта басталды.