Үндістанның солтүстігінде нөсер жауыннан 11 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігінде нөсер жауыннан 11 адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 10:33 Сурет: pixabay
Үндістанның солтүстігінде нөсер жауын жауып, 11 адам қаза тапты. Оқиға Химачал-Прадеш штатында болған. 50-ден астам тұрғын жоғалып кетті.

Ал Уттаракханд штатында тасқын жүрген аймақта 200-дей адам қалып қойған. Бұдан бірнеше күн бұрын елдің оңтүстігіндегі Керала штатында тасқын мен лай көшкіні жүрген еді.

Табиғи апат құрбандарының саны 280-ге жуықтаған.

Үндістанға көршілес Пәкістанда да алапат тасқын жүрді. Ғалымдар бұл елдердегі нөсер жауын мен тасқынды климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.

Ал Қытайдың солтүстік-шығысын толассыз жаңбырдан кейін су тасыды.

Ауылдар мен егіс алқаптарын, сондай-ақ өңірдегі басты көлік жолдары судың ортасында қалды.

Апатты аймақ тұрғындарының барлығы дерлік қауіпсіз жерге көшірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: