Израиль Газа секторынан 150 мың тонна қоқысты шығаруға мүмкіндік бермей отыр
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Израиль Газа билігіне Палестина-Израиль қақтығысы кезінде жиналған 150 мың тонна қоқысты шығаруға мүмкіндік бермеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Муниципалитет өкілдері "қоқыс мәселесі қала тұрғындарының денсаулығына қатты әсер етеді және әртүрлі аурулардың таралуына себеп болады" деп атап өтті.
Газадағы соғыс 2023 жылы 7 қазан күні хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіріп, 250-ден астан адамды кепілге алғаннан кейін басталды. Содан бері 38 мыңнан астам палестиналықтар қаза тауып, анклав тұрғындарының көпшілігі үйлерінен кетуге мәжбүр болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript