Францияда әуе шоуы кезінде көне ұшақ апатқа ұшырады
Сурет: Х/goldensgui
16 тамызда Францияның оңтүстігінде әуе шоуы кезінде Fouga Magister ұшағы апатқа ұшырады. Ол Лаванда теңізі жағалауына құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Х әлеуметтік желісіндегі бірнеше дереккөздердің хабарлауынша, ұшқыш катапультация жасап үлгермеген, өйткені ұшақ арнайы орындықпен жабдықталмаған екен. Апат Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00 шамасында болған. Қаза тапқандар туралы әлі мәлімет айтылмады.
Ұшақ Франция әуе күштерінде 1964 жылдан 1980 жылға дейінгі аралықта қолданылған. Оқиға орнында іздеу жұмыстары жүргізілуде.
🔴 Ce Fouga Magister n’est pas équipé de siège éjectable.
— air plus news (@airplusnews) August 16, 2024
▫️Les pompiers sont à la recherche de l’unique pilote de l’avion. https://t.co/BRH25Boi8N pic.twitter.com/lKoASdokdd
Бұған дейін Түркияның Измир қаласында орман өртеніп жатқаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript