Израильде төтенше жағдай режимі енгізілді
Ynet News порталының мәліметінше, "ерекше жағдай" режимі 48 сағатқа жарияланды. Бұған Израиль әскери күштерінің Ливан территориясындағы шиттік Хезболла қозғалысының нысандарына алдын-ала соққы беруі түрткі.
Сондай-ақ, Израиль қорғаныс әскері (ЦАХАЛ) шабуылдарға байланысты елдің солтүстік және орталық аймақтарында тұратын азаматтарға жаңа шектеулер енгізді.
"Ашық аудандарда 30-ға дейін, ғимараттарда 300 дейін адамдардың жиналуына рұқсат. Ал жұмыс және білім беру нысандарында жақын маңда бомбадан бас сауғалауға арналған жер асты орындары болған жағдайда төбе көрсетуге болады", делінген хабарламада.
Бұған дейін "Хезболлах" Бейруттың оңтүстіктегі қалашығына Израильдің жасаған соққысына жауап ретінде шабуыл басталғанын мәлімдеді, нәтижесінде жоғары дәрежелі командир Фуад Шүкір қаза тапты. Мәлімдемелерге сәйкес, толығымен сәтті аяқталған кек алу әрекетінің бірінші кезеңінде Израиль армиясының 11 нысаны, соның ішінде бірнеше штабы мен казармалары талқандалды.
Айта кетсек, Израильдің сенбі күні жасаған шабуылдары салдарынан Газа секторында 71 адам қаза тапты.