Джеки Чан 2024 жылғы Паралимпиада алауының эстафетасына қатысады

Джеки Чан 2024 жылғы Паралимпиада алауының эстафетасына қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 13:51 Сурет: flickr/Firdaus Latif
Атақты қытайлық актер Джеки Чан Париждегі паралимпиадада алау эстафетасын алып жүретін танымал тұлғалар тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

70 жастағы Джеки Чан 2024 жылғы 28 тамызда Паралимпиаданың ашылу салтанаты басталардан бірнеше сағат бұрын Париждегі Vieye du Temple көшесінде алаумен жүгіріп өтеді.

Ол Француз өнерінің өкілдері Эльза Сильберштейн, Джарри және Бенджамин Милпьемен бірге паралимпиадалық алауға қатысады.

Сурет: Instagram/paris2024

Айта кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада 28 тамызда басталып, 8 қыркүйекте аяқталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: