Жаңалықтар тізбегі
0

РФ ІІМ Орталық Азия елдерінен келген еңбек мигранттарына үндеу жасады

Курьер, РФ, үндеу, Орталық Азия елдерінен келген мигранттар, терроризм, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 17:21 Сурет: pexels
Ресейдің ішкі істер министрлігі өз елінде жұмыс істеп жатқан Орталық Азия елдерінен келген иммигранттарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ресей Федерациясындағы қырғыз диаспорасының басшысы Кубанычбек Осмонбеков жеткізді. Оның айтуынша, ОА елдерінен келген еңбек мигранттары көбіне адамдарды тасумен және сәлемдемелерді жеткізумен айналысады, деп жазады 24.kg.

Кубанычбек Осмонбеков осы салаларда жұмыс істейтін отандастарын қырағы болуға шақырды. Ол жарылғыш заттарды адамдар көп жиналатын жерлерге жеткізу үшін террористер курьерлердің қызметін пайдалуы мүмкін екенін ескертеді.

"Ресейде жұмыс істейтін барлық қырғыз азаматтарынан, әсіресе такси жүргізушілері мен курьерлерден тұтынушы мен тапсырыс заттарына келгенде мұқият болуды сұраймыз. Ораманың ішіндегісіне, жеткізу маршруттарына және кез келген күдікті әрекетке баса назар аударған жөн. ІІМ террористер мақсатты жерге жеткізген кезде құрылғыны курьермен қоса жарып жіберуі мүмкін екенін ескертеді", – деді диаспора басшысы.

Сонымен қатар Кубанычбек Осмонбеков Ресей Федерациясы ІІМ жолдаған нұсқаманы көрсетті.

"Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі халықаралық террористік ұйымдардың Мәскеу аймағының көлік нысандарында диверсиялық-террористік актілер жасау ықтималдылығы туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Теракт болатын жерге жарылғыш заттарды жеткізу үшін кейіннен көзін жою (өлтіру) мақсатында курьерлік қызмет қызметкерлерін пайдалану жоспарлануда. Ресей Федерациясы мен одақтас мемлекеттер арасында шиеленісті тудыру мақсатында Орталық Азия өңірінен шыққан курьерді пайдалану жоспарлануда. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаппай қырғын сипатындағы ықтимал қылмыстың алдын алу үшін курьерлік қызметтер мен заттарды жеткізу қызметтерінің қызметкерлері бөгде адамдардан жүктерді (тапсырыстарды) алмаса дейміз. Егер күдікті жүктерді немесе тапсырыстарды бөгде адамдар жасаған жағдайды байқасаңыз, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз".

Айта кетсек, Ресей Федерациясы ІІМ-нің ресми сайттарында мұндай үндеу жарияланбаған.

2024 жылдың 22 наурызында "Крокус Сити Холл"  залында қаруланған камуфляждағы адамдар жаппай айналаға оқ жаудырды. Атыс "Пикник" рок-тобының концертінен бірнеше минут бұрын басталды. Шабуыл кезінде 145 адам қаза тапты. Тергеу барысында 20-дан астам адам ұсталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: