Бразилия Илон Маскқа тиесілі компаниялардың шоттарын бұғаттан босатты

Бразилия, Илон Маск, банк шоттарын бұғаттау , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2024 11:13 Сурет: Х/alt_coiners
13 қыркүйекте Илон Масктың екі компаниясының банктік шоттарын Бразилия бұғаттан босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бразилияның жоғарғы судьясы Starlink және H шоттарын бұғаттан босатты, ол үшін Маск 3 миллион доллар айыппұл төлеген. Бұл туралы Axios жазады.

Алайда компаниялардың активтерін бұғаттан босату Х әлеуметтік желісінің қолданушылары жағдайына еш әсер етпеді, Бразилия тұрғындары үшін желі әлі де қолжетімсіз.

Алдында Бразилия Жоғарғы сотының судьясы Алешандре де Моралес америкалық кәсіпкер Илон Масктың Starlink Holding компаниясының шоттарын бұғаттау туралы үкім шығарғаны белгілі. Сондай-ақ мұнда X платформасының жұмысы да тоқтатылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: