Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайда ірі көлемде пара алып, қарамағындағы қызметкерлермен махаббат хикаясын орнатқан шенеунік тұтқындалды

Қытайда ірі көлемде пара алып, қарамағындағы қызметкерлермен махаббат хикаясын орнатқан шенеунік тұтқындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 11:35 Сурет: phxere
Гуйчжоу провинциясы партиясының губернаторы және хатшысының орынбасары қызметін атқарған қытайлық 52 жастағы Чжон Ян темір торға тоғытылды. Ол 13 жылға сотталып, үлкен көлемде айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, ол шенеунік бола тұрып, қарамағындағы 58 қызметкермен махаббат хикаясын орнатып, олардан 4 миллиард теңгеден астам пара алған.

South China Morning Post басылымында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ол өзінің сұлу келбеті арқылы "әдемі губернатор" деген лақап атқа ие болды. Сондай-ақ, әлі күнге тұрмыс құрмаған және балалары жоқ.

Айта кету керек, ол түрме жазасы мен айыппұлдан бөлек, коммунистік партиядан шығарылып, барлық мемлекеттік лауазымдардан шеттетілді.

Бұған дейін Италияда су тасқыны салдарынан мыңдаған адамның эвакуацияланғанын айттық. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: