Израиль Ливан жеріне басып кіруге дайындалып жатыр
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Израиль әскері құрлық арқылы Ливанға басып кіруге әзірленіп жатыр. Мұны Израиль армиясының қолбасшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе күштері Ливанның шекаралас және шалғай аудандарына соққы беруді тоқтатқан жоқ. Израиль Ливанға дүйсенбіден бері үдете соқы беріп жатыр. 72 адам қаза тапқан, деп жазады qazaqstan.tv.
Басты нысана — Хезболла лидерлері мен қозғалысқа тиесілі инфрақұрылым.
Ливан болса кеше Тель-Авивке баллистикалық зымыран жіберді. Алайда Израиль жағы ракетаны атып құлатқан.
Бұл қақтығыс БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында талқыланды. Франция мен АҚШ тараптарды атысты 21 күнге тоқтатуға үндеді.
Вашингтон мен оның одақтастары шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуге баса мән беріп отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript