Түркияның қонақ үйлерінде қандалалар қаптап тұр

Түркияның қонақ үйлерінде қандалалар қаптап тұр , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2024 11:26 Сурет: pixabay
Антальядағы қонақ үйлер жаппай қандала шабуылына тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Milliyet ақпаратынша, соңғы күндері қонақүйлер мен ауруханаларға жәндіктерден зардап шеккен адамдардың қоңыраулары үздіксіз түсіп жатыр. Зиянкестердің ұяшықтары төсектер мен шкафтардан табылды.

Сурет: milliyet

Қонақ үйлер дезинсекция жұмыстарын жүргізгенімен, көп ұзамай осы мәселеге қайта тап болуда.

Жерорта теңізі университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессоры Хусейн Четиннің айтуынша, паразиттік жұмыртқалар туристердің арқасында тез таралып жатыр.

Бұған дейін Түркия әуежайынан жойылып кету қаупі төнген қолтырауындар мен кесірткелер табылғандығы хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: